
Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Азия ойындарының рекордшысы Алексей Луценко кәсіби спорттық мансабын аяқтайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Луценко 15 жылдық кәсіби мансабында халықаралық жарыстарда Қазақстан туын абыроймен желбіретіп, отандық велоспорт тарихында өшпес із қалдырды. Луценко «Гранд-тур» кезеңдеріндегі жеңістерден бастап, Азия ойындарының абсолютті рекордына дейінгі биік белестерді бағындырды.
Луценко Азия ойындарындағы жеңістен кейін, рекорд қуалауды мақсат етпегенін, бастысы ел абыройын ақтау болғанын жеткізді:
«Біз барымызды салып, жоспарлағаннан да жоғары нәтиже көрсеттік. Мен үшін рекорд немесе жетістік қуалау маңызды емес, бастысы – еліме медаль сыйладым. Жас буын өсіп келеді, ал маған сенім білдіргендердің үмітін толық ақтадым деп ойлаймын. Мансабымды аяқтау туралы шешімді былтыр жыл соңында қабылдаған едім. Үлкен спорттағы 15 жыл ішінде жеткен жетістіктерімді мақтан тұтамын. Азия ойындарында алты алтын алып, ең ірі көпкүндік жарыстарда топ жардым. Сондықтан мансапты осылай әдемі аяқтағым келеді.
Алексей Луценко бүгін ғана 23 қыркүейек күні Жазғы Азия ойындарында ең көп алтын медаль жеңіп алған отандық спортшы атанды. Оның қоржынында Азиаданың 6 алтын және 1 күміс жүлдесі бар.
Сонымен қатар, Луценко әлемдегі ең беделді «Тур де Франс» велокөпкүндігінің жалпы есебінде үздік ондыққа еніп, 2021 жылы – 7-орын, ал 2022 жылы – 8-орынды иеленді.