Алматы метросында жолаушыдан белгісіз зат табылып, қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматы метросында жолаушыдан белгісіз зат табылып, қылмыстық іс қозғалды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматыдағы «Алатау» метро станциясында жолаушыдан өсімдік тектес зат салынған бума табылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық полиция ақпаратына сүйенсек, оқиға шамамен сағат 23:00-де болған. Метрополитен полициясы көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, жолаушыларды тексеру кезінде күдік тудырған ер адамды тоқтатқан. Оның күртесінің қалтасынан жасыл түсті зат салынған бума табылған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Табылған зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін қоғамдық ғимараттарға жазу жазып, суреттер салуға заңмен тыйым салынуы мүмкін екенін жазған едік. ІІМ бұл есірткі жарнамасымен күресу жолын екендігін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз