Алматыда маска режимі енгізіледі: қалада ЖРВИ өршіп барады

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап медициналық ұйымдарда маска режимі енгізілетінін хабарлады, деп жазады Kursiv.media.
Бұл талап ең алдымен медицина қызметкерлері үшін міндетті болады. Ал қала тұрғындарына, әсіресе қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылады.
ЖРВИ көрсеткіші
Алматыда маусымдық респираторлық инфекциялардың өсуі байқалады: Аурушаңдық деңгейі: 37-аптада қалада ЖРВИ-дің 18 877 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 779,4 құрап отыр.
Балалар арасындағы жағдай: Ауырғандардың 59,6%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Зертханалық мониторинг нәтижесінде риновирус, парагрипп, РС-вирусы және маусымдық коронавирус анықталуда.
Вакцинация қалай жүргізіледі?
Медициналық ұйымдарда тегін вакцина алатын азаматтардың тізімі алдын ала жасалған. Білім беру, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен ұжымдарда көшпелі бригадлар жұмыс істейді.
Қызмет көрсету, көлік, қонақ үй және сауда-ойын-сауық саласының қызметкерлері вакцинацияны жұмыс беруші есебінен ала алады. Ал қалған тұрғындар жеке медициналық ұйымдарда ақылы негізде вакцинациядан өтуге мүмкіндігі бар.
Дәрігерлердің кеңесі мен сақтық шаралары
Мамандар тұрғындарға адам көп жиналатын орындарға баруды шектеуді, бөлмелерді жиі желдетуді, ылғалды тазалау жүргізуді, жеке гигиенаны сақтауды және ауа райына сай киінуді ұсынады.
ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, медицина қызметкерін шақыру қажет, өз бетінше емделуге болмайды. Ал ауырып қалған балаларды мектепке, балабақшаға және көпшілік іс-шараларға жіберуге тыйым салынады.