Тоқаев: Халық Кеңесі – баламасы жоқ, мүлде жаңа, инновациялық институт

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Ақорда

Президент Қазақстан Халық Кеңесінің баламасы жоқ, мүлде жаңа, инновациялық институт екенін мәлімдеді,  деп хабарлайды Kursiv.media.   

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.  

«Әділетті Қазақстанның жарқын символы саналатын бұл құрылымның жөні де, жолы да өзгеше. Сондықтан, Кеңестің алғашқы мүшелеріне зор жауапкершілік жүктеледі.   Осы мәртебелі әрі беделді құрылымның табысты жұмысы сіздердің табанды еңбектеріңізге байланысты болмақ», – деді президент.  

Тоқаевтың пікірінше, кеңес мүшелері қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтып, ел бірлігін күшейтуге жол ашатын игі істердің бастауында болады.  

«Әрине, жол бастау оңай болмасы анық. Бірақ бір жағынан, бұл – үлкен құрмет және зор мүмкіндік.   Сіздер, халықпен етене байланыс орнатып, жасампаз бастамалар көтеру арқылы мемлекеттік басқару жүйесіне, тіпті, ел тағдырына ықпал ете аласыздар. Ең бастысы, ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс», – деді Тоқаев.  

Сондай-ақ, президент қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналғанын алға тартты.

Сондай-ақ оқыңыз