Бас Прокуратура тоғыз теңізшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады
Жарияланды

Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды деп хабарлайды Kursiv Media.
Бас Прокуратураның мәлімдеуінше, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.
24 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 қазақстандық әскери қызметшіні Каспий теңізінің ағысы алып кеткенін хабарлады. Оның тоғызы қайтыс болған.