Каспий теңізінде жер сілкінді
Жарияланды

Каспий теңізінде магнитудасы 3,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұл туралы Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:46-да тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте болған.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер немесе қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін Индонезия жағалауында магнитудасы 6,6 балл болатын жер сілкінісі болғанын жазған едік.