Қазақстан әуежайлары 2025 жылы бюджетке қанша салық төледі

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Әуежайлардың салығы / фото: Kursiv Media

Қазақстандағы әуежай операторлары 2025 жылы бюджетке кемінде 34,8 млрд теңге салық аударған. Оның басым бөлігі Алматы халықаралық әуежайына тиесілі, деп хабарлайды Kursiv Media.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ашық деректері бойынша, Алматы халықаралық әуежайы былтыр бюджетке 21,93 млрд теңге аударған. Бұл зерттеуге кірген әуежай операторлары төлеген жалпы салықтың шамамен 63%-ына тең.

Екінші орында Астана әуежайы тұр. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ 2025 жылы 6,77 млрд теңге салық төлеген. Осылайша, Алматы мен Астана әуежайларының өзіне жалпы салық аударымдарының 82%-дан астамы тиесілі.

ӘУЕЖАЙЛАР · САЛЫҚ
Jaisandar.kz

Қазақстан әуежайлары қанша салық төледі?

2025 жылғы салық аударымдары. Көрсеткіштер әуежайды басқаратын заңды тұлға немесе филиалдың БСН-ы бойынша берілген.
Жалпы салық аударымы 34,81 млрд ₸
Ең жоғары көрсеткіш Алматы
Қамтылған оператор 21
2025 ЖЫЛ
Алматы ALA
БСН: 950440001445
21,93 млрд ₸ 21 931 280 027 ₸
Астана NQZ
БСН: 030340001539
6,77 млрд ₸ 6 766 875 755 ₸
Қарағанды KGF
БСН: 961040001316
1,06 млрд ₸ 1 064 068 371 ₸
Шымкент CIT
БСН: 970140000162
869,9 млн ₸ 869 942 570 ₸
Өскемен UKK
БСН: 991040000402
562,2 млн ₸ 562 230 982 ₸
Жезқазған DZN
БСН: 961040000080
551,1 млн ₸ 551 082 066 ₸
Ақтөбе AKX
БСН: 960840001233
518,2 млн ₸ 518 219 178 ₸
Атырау GUW
БСН: 961040000040
475,4 млн ₸ 475 449 948 ₸
Ақтау SCO
БСН: 961040000764
474,0 млн ₸ 474 029 816 ₸
Орал URA
БСН: 941240001270
334,5 млн ₸ 334 540 328 ₸
Түркістан HSA
БСН: 120640009277
281,7 млн ₸ 281 664 320 ₸
Семей PLX
БСН: 120640016339
225,2 млн ₸ 225 189 233 ₸
Қостанай KSN
БСН: 970640000399
163,1 млн ₸ 163 145 500 ₸
Қызылорда KZO
БСН: 000740001677
152,8 млн ₸ 152 839 271 ₸
Көкшетау KOV
БСН: 180641007732
105,5 млн ₸ 105 534 577 ₸
Тараз DMB
БСН: 000840003062
89,9 млн ₸ 89 908 120 ₸
Петропавл PPK
БСН: 210640036342
84,1 млн ₸ 84 131 669 ₸
Павлодар PWQ
БСН: 990540003115
71,3 млн ₸ 71 328 435 ₸
Талдықорған / Үшарал TDK
БСН: 940440000277
54,1 млн ₸ 54 071 145 ₸
Боралдай BXJ
БСН: 110940006955
18,7 млн ₸ 18 686 021 ₸
Балқаш BXH
БСН: 130440026390
18,0 млн ₸ 17 971 224 ₸
Ескерту: салық сомалары әуежай атауына емес, оны басқаратын заңды тұлға немесе филиалдың БСН-ы бойынша есептелді. Кейбір оператор бірнеше әуежайды немесе аэродромды басқарады.

Миллиард теңгеден асқан тағы бір әуежай бар

Үшінші орында Қарағандыдағы «Сарыарқа» әуежайы орналасқан. Оның 2025 жылғы салық аударымы 1,06 млрд теңгеге жеткен. Одан кейін Шымкент әуежайы – 869,9 млн теңге, Өскемен әуежайы – 562,2 млн теңге, Жезқазған әуежайының операторы – 551,1 млн теңге салық төлеген.

Ақтөбе әуежайы бюджетке 518,2 млн теңге, Атырау әуежайы 475,4 млн теңге, Ақтау әуежайы 474 млн теңге аударған.

Өңірлік әуежайлар қанша төледі?

Орал халықаралық әуежайының салық аударымы 334,5 млн теңге, Түркістан әуежайынікі 281,7 млн теңге болған.

Семей әуежайы – 225,2 млн теңге, Қостанай әуежайы – 163,1 млн теңге, Қызылордадағы Қорқыт Ата әуежайы – 152,8 млн теңге төлеген.

Көкшетау әуежайының 2025 жылғы салық аударымы 105,5 млн теңге болған. Былтыр ол Астана әуежайының филиалы ретінде жұмыс істегендіктен, көрсеткіш филиалдың жеке БСН-ы бойынша есепке алынған.

Тараз әуежайы бюджетке 89,9 млн теңге, Петропавл әуежайы 84,1 млн теңге, Павлодар әуежайы 71,3 млн теңге аударған.

Жетісу өңіріндегі әуежайларды басқаратын оператордың салық аударымы 54,1 млн теңге болған. Боралдай әуежайы 18,7 млн теңге, Балқаш әуежайы шамамен 18 млн теңге төлеген.

Сондай-ақ оқыңыз