Маңғыстаудағы әскерилер өліміне байланысты Әзербайжан СІМ көңіл айтты

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалған

Маңғыстаудағы әскерилер өліміне байланысты Әзербайжан СІМ көңіл айтты деп хабарлайды Kursiv Media.

«Каспий теңізіндегі Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде адам қаза болғанына байланысты қайғыларыңызға ортақтасамыз. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ Қазақстан халқы мен Үкіметіне көңіл айтамыз. Марқұмдардың жаны жәннатта болсын. Олардың отбасыларына осы қиын кезеңде күш пен сабыр тілейміз», – деп жазылған хабарламада.

24 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 қазақстандық әскери қызметшіні Каспий теңізінің ағысы алып кеткенін хабарлады. Оның тоғызы қайтыс болған. 

Бас Прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезіндегі тоғыз теңізшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.   Бектеновтың өкімімен Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды.

Сондай-ақ оқыңыз