Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздар саны 12-ге жетті

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 12 сарбаз қайтыс болды деп хабарлайды Kursiv Media Маңғыстау облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 17 адамның 12-і қайтыс болған. Екі әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Қорғаныс министрлігі де ақпаратты растап, қаза тапқандардың тізімін жария етті:
- Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы
- м/қ матрос Аяпберген Сержан Талғатұлы
- м/қ матрос Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы
- м/қ матрос Көбенов Алмас Жүсіпұлы
- м/қ матрос Төлеген Ақылбек Қабденұлы
- м/қ матрос Темірғалиев Жеңіс Тлеұлы
- м/қ матрос Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы
- м/қ матрос Жаңабай Әсет Саматұлы
- м/қ матрос Мәдіқан Азамат Болатбекұлы
- м/қ матрос Бегей Дастан Нұрболұлы
- м/қ матрос Гилаж Ақжайық Болатбекұлы
- м/қ матрос Диханбаев Олжас Тәжібайұлы
Қазіргі таңда премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия Ақтауда жағдайды бақылауға алды. Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсету тапсырылды.
Бүгін, 24 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 қазақстандық әскери қызметшіні Каспий теңізінің ағысы алып кеткенін хабарлады. Бастапқыда тоғыз теңізші қайтыс болды, үшеуі құтқарылды деп хабарлаған. Тағы бір адам аурухана жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Каспий теңізінде оқу жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилер үшін 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Оқи отырыңыз: 9 әскери қайтыс болған Маңғыстаудағы оқу-жаттығу туралы не белгілі (видео)
Осыдан кейін Бектеновтың өкімімен Маңғыстауда арнайы комиссия құрылды, оның премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезіндегі тоғыз теңізшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.