Каспийде қаза тапқан офицердің денесі әскери ұшақпен Түркістанға жеткізілді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметші Олжас Мұхтарұлының денесі әскери ұшақпен Түркістанға жеткізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Kursiv.Media-ға хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Олжас Мұхтарұлы Түркістан облысының тумасы.

Ол Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілерді теңіз алып кеткен. Қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, Үкіметтік комиссия құрылды. Қорғаныс министрлігінен бес лауазымды тұлға қамауға алынды.

Бұған дейін, үш әскеридің денесі Батыс Қазақстан облысына жеткізілген еді.

Қайғылы жағдайға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз