
Қалыпты жағдайда адам ұйықтағанда қан қысымы 10–20%-ға төмендеп, жүрек пен тамырлар демалады. Алайда кей адамдарда мұндай төмендеу болмайды. Салдарынан инсульт, бүйрек аурулары және ерте қайтыс болу қаупі күрт артады. Бұл жұмбақтың шешімін жуырда Ватерлоо университетінің ғалымдары тапты.
Зерттеу қалай өтті
Дәрігер Анита Лейтон бастаған бір топ ғалымдар адамға тәжірибе жасау қиын болғандықтан, адам ағзасының компьютерлік моделін қолданды. Виртуалды модель арқылы бүйрек, қан тамырлары, жүйке жүйесі және гормондардың биологиялық сағаты зерттелді.
Ғалымдар не анықтады
Зерттеушілер виртуалды модельдегі көрсеткіштерді өзгертіп, күтпеген нәтижеге қол жеткізген. Бүйректің тәуліктік ырғағы жәй ғана әлсірегенде қан қысымына көп әсер етпеген. Бірақ натрийді (тұзды) өңдеу циклі бірнеше сағатқа ығысқанда, түнде қысымның түсуі тоқтап, жоғары күйінде қалып қойған.
Бүйректің тәуліктік ырғағын жай ғана әлсірету түнгі қан қысымына айтарлықтай әсер етпеген. Ал натрийді өңдеу циклін бірнеше сағатқа әдейі ығыстырғанда, қалыпты қан қысымы бар модельде түнгі уақытта қысымның төмендеуі бірден жоғалып, қан қысымы жоғары деңгейде қалған. Модель мұндай өзгерістің әсері тұзды көп тұтынатын адамдарда күштірек болатынын көрсетті. Әсіресе ағзасы тұзға сезімтал адамдар үшін бұл фактор қауіпті болуы мүмкін.
Бұл нәтижелер әзірге тек компьютерлік модельде алынды. Сондықтан дәрі-дәрмек немесе тамақтану тәртібін өзіңіздікімен салыстырып, өз бетіңізше ешқандай өзгеріс жасауға болмайды. Ғалымдар енді бұл нәтижені адамдарға жүргізілетін зерттеулер арқылы тексермек. Бұл болашақта түнгі гипертонияны емдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге жол ашуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз: Омыртқаралық диск жарығына міндетті түрде операция жасау керек пе.