Шайдоров Олимпиададан кейін алғаш рет жарысқа шығып, жеке рекордын жаңартты

Жарияланды
Михаил Шайдоров / sport kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Братиславада өтіп жатқан Ондрей Непела мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орында тұр. Бұл – оның Миландағы Олимпиададан кейінгі алғашқы ресми жарысы, деп хабарлайды Kursiv Media.

Шайдоров қысқа бағдарламасы үшін 95,98 ұпай жинады. Бұл – оның жеке рекорды. Халықаралық конькишілер одағының (ISU) дерегінде бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 2024 жылғы Денис Тен мемориалында тіркелген 95,50 ұпай болған. Ал 2026 жылғы Олимпиадада қысқа бағдарламада ол 92,94 ұпай алған еді.

Жарыста әзірге Евгений Семененко көш бастап тұр – 101,16 ұпай. Екінші орында италиялық Даниэль Грассль – 99,10 ұпай. Шайдоров бірінші орыннан 5,18 ұпайға қалып келеді.

Шайдоров күрделі төрт айналымды лутц – үш айналымды тулуп комбинациясын және үш айналымды аксельді орындады. Төрт айналымды тулуптан кейін қону кезінде шағын қате жіберген.

Ондрей Непела мемориалы Challenger сериясына кіреді. Ерлер арасындағы жүлдегерлер 26 қыркүйекте еркін бағдарламадан кейін анықталады. Шайдоров үшін бұл турнир Олимпиада алтынынан кейінгі жаңа маусымдағы алғашқы үлкен сынақ болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз