Каспийдегі трагедиядан кейін Тоқаев Қорғаныс министрін орнынан босатты
Жарияланды
(жаңартылды )

Мемлекет басшысының жарлығымен Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов орнынан босатылды, деп хабарлайды Кursiv.Media.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды», – деп хабарлады Ақорда.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілерді теңіз алып кетіп, 14 әскери қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, Үкіметтік комиссия құрылды. Қорғаныс министрлігінен бес лауазымды тұлға қамауға алынды.
Артынша Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды.