Алуа Балқыбекова Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Aichi-Nagoya 2026 Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Балқыбекова ширек финалда жарыс қожайыны Жапония өкілі Юна Нишинакамен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Алуа Балқыбекова Азия ойындарының жартылай финалына шығып, кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.
Енді қазақстандық боксшы финал жолдамасы үшін Вьетнам өкілі Нгуен Тхи Таммен кездеседі. Вьетнамдық боксшы бұған дейін 51 келіде Қытай Тайбэйінің өкілі Го И-сюаньды 4:1 есебімен жеңген.
Балқыбекова мен Нгуен Тхи Там арасындағы жартылай финалдық жекпе-жек 30 қыркүйекке жоспарланған.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде Үндістан өкілі Сакшиді де 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан болатын.