Нұрбек Оралбай өзбек боксшысына есе жіберіп, Азия ойындарында жүлдесіз қалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Нұрбек Оралбай / фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Aichi-Nagoya 2026 Азия ойындарының ширек финалында Өзбекстан өкілі Тұрабек Хабибулаевтан жеңіліп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жекпе-жектің алғашқы раундында өзбекстандық боксшы айқын басымдық танытты. Бес төрешінің барлығы раундты Хабибулаевтың пайдасына берді – 5:0.

Кейін Нұрбек Оралбай жекпе-жек барысын өзгертуге тырысып, қарсыласымен тартысты бокс көрсетті. Алайда үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімі 2:3 есебімен Тұрабек Хабибулаевтың пайдасына шықты.

Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына шыға алмай, жүлдесіз қалды.

Осылайша, Азия ойындарында еркектер арасында ағайынды Төрехан Сабырхан мен Махмұд Сабырхан және Айбек Оралбай ғана қалды.

Сондай-ақ оқыңыз