Алматыда LRT «Барлық» базарына дейін ұзартылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Алматыда ЛРТ салынып жатыр/фото: Instagram: @lrt.almaty

Алматыда LRT-ның бірінші кезеңі 2027 жылдың желтоқсанында аяқталады. Екінші кезеңінде қоғамдық көлікті Төле би көшесі арқылы «Барлық» базарына дейін ұзарту жоспарланған. Бұл туралы Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Олжас Шабданов мәслихат кезектен тыс сессиясында айтты. 

«Барлық» базарының аумағында көлік ауысып отыру торабы салынады», – дейді Шабданов.

Одан бөлек LRT жаңадан салынып жатқан стадионға дейін ұзартылады. 

LRT құрылысы

Шабдановтың айтуынша, ұзындығы 18,3 шақырым LRT бірінші желісінің бірінші кезегінің құрылысы жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Жоба аясында шамамен 80 жұмысшы және 50-ден астам құрылыс техникасы жұмылдырылған. Инженерлік желілерді алып шығу жұмыстарын қарашаның соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыс жоспар бойынша 2027 жылдың желтоқсаны аяқталады», – дейді Шабданов.

Бұған дейін Алматыдағы LRT құрылысына 61,4 млрд теңге бөлінетіні хабарланған. Ұзындығы 18,3 км болатын LRT жобасының бірінші кезеңі 2027 жылдың желтоқсанында аяқталады.

LRT алғашқы желісі Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтан Момышұлы көшесі арқылы Төле би көшесіне дейін, одан Төле би бойымен Абылай хан даңғылы арқылы Алматы-2 вокзалына дейін барады.

Сондай-ақ оқыңыз