Еңбек министрлігі жастардың шетелге кетуінің себебін атады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастар үшін елде еңбек нарығы тар деген пікірді терістеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Министрліктің мәлеметінше, бұл пікірді ресми статистикалық деректер жоққа шығарады.

Алаңдауға негіз жоқ

«Ұлттық статистика бюросының (бұдан ары – ҰСБ) деректеріне сәйкес, 2026 жылдың II тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі – 4,5%, жастар арасындағы (15–34 жас) жұмыссыздық деңгейі – 2,9%. Жұмыс күшінің саны 9,84 млн адам болса, жұмыспен қамтылған халықтың саны 9,4 млн адамнан астам», – делінген министрліктің Курсивке берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, жастардың шетелде еңбек қызметін жүзеге асыруын елдегі еңбек нарығының тарылуымен тікелей байланыстыруға негіз жоқ.

«Жастардың шетелде жұмыс істеуі – халықаралық еңбек және кәсіби мобильділіктің нысандарының бірі», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Биыл қанша жас маман Қазақстанда жұмысқа орналастырылды

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша (Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 250 мыңға жуық адам қамтылған. Оның ішінде мансап орталықтары арқылы 75 мың жас жұмысқа орналастырылыпты.

Жас мамандарды жұмысқа орналастыруды қолдау арнайы мемлекеттік бағдарламалар («Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және т.б.) арқылы жүзеге асырылады. Олардың іске асырылуы Министрліктің тұрақты бақылауында.

Айта кететін жайт, 2030 жылға қарай колледж жасындағы жастар 1,5 млн-ға жетпек.

Сондай-ақ оқыңыз