Түркияда мектеп ауласында мұғалімді туысы атып өлтірді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
казахстанца застрелили в турции
Түркияда мектеп ауласында мұғалімді туысы атып өлтірді / Фото: Haberler

Түркияның Османие провинциясында мектеп мұғалімі оқу орнының аумағында қарулы шабуылдан қаза тапты, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Жергілікті биліктің мәліметінше, Фараби Анадолы лицейінің әдебиет пәні мұғалімі Мехмет Бильгилиге мектеп ауласында жиені оқ атқан. Алдын ала мәлімет бойынша, туыстар арасында әзірге белгісіз себеппен жанжал шыққан. Сол кезде күдікті тіркелмеген қарумен мұғалімге бірнеше рет оқ атқан.

Ауыр жараланған Мехмет Бильгили ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Шабуыл жасаған адам оқиға орнынан қашып кетпек болған, алайда көп ұзамай ұсталды.

Османие губернаторы Мехмет Фатих Серденгечти оқиғаның білім беру процесіне немесе оқушыларға қатысы жоқ екенін, оның туыстар арасындағы жанжалдан болғанын айтты.

Губернатордың сөзінше, күдікті бұған дейін шизофренияға байланысты ем алған. Бильгили жиенін өз баласындай тәрбиелеген, алайда соңғы уақытта екеуінің арасында келіспеушілік пайда болған.

Қазір полиция мен прокуратура оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуірде Түркияның Шанлыурфа қаласындағы мектепте атыс болған. Бұрын осы мектепте оқыған жасөспірім мылтық алып кіріп, кем дегенде 16 адамды жаралаған. Артынан өз-өзіне оқ атқан. 

Сондай-ақ оқыңыз