Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Figure skater Mikhail Shaidorov addresses unpaid wage claims
Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді / Фото: ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

ISU сайтындағы рейтингке сәйкес, спортшының еншісінде 4193 ұпай бар. Бұл – Қазақстан спортшысының әлемдік рейтингтегі ең үздік көрсеткіші.

Бірінші орында америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин тұр. Оның ұпайы 4590. Ал жапон мәнерлеп сырғанаушысы Юма Кагияма 4123 ұпаймен үшінші орынға түсті.

Төртінші орында тағы бір жапониялық спортшы Шун Сато (3949 ұпай), бесінші орында Франция өкілі Адам Сяо Хим Фа (3660 ұпай) орналасқан.

Айта кетейік, осыған дейін Шайдоров Олимпиададан кейін алғаш рет жарысқа шығып, жеке рекордын жаңартқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз