Құтқарушылар Сәтбаев шыңында жарақат алған француз турисіне көмек көрсетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Спасение велосипедиста
Құтқарушылар Сәтбаев шыңында жарақат алған француз турисіне көмек көрсетті / Фото: Shutterstock

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Сәтбаев шыңында Франция азаматы жарақат алып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлауынша, 1974 жылы туған турист Қаныш Сәтбаев шыңының 4317 метр биіктіктегі аумағында таудан түсіп келе жатып, аяғын қайырып алған. Ол өздігінен қозғала алмаған.

Оқиға орнына Алматы қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жетті. Мамандар зардап шеккен туристі таудан төмен түсіріп, оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

Франция азаматы Алматыдағы ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, осыған дейін 4317 метр биіктікте жағдайы нашарлаған жасөспірімге құтқарушылар көмектескен еді.

Сондай-ақ оқыңыз