Астанада алимент төлейтін 5,5 мың борышкер 26 млрд теңге көлемінде табысын жасырған

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
коллаж: gov.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Елорда прокурорлары алимент төлеушілерден 2 млрд теңгеден астам қаржы өндіріп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.  

Астана қаласының прокуратурасы мәліметінше, алимент өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалуына жүргізілген тексеру барысында сот орындаушыларының 5 мыңнан астам әрекетсіздігі анықталды.  

«5,5 мың борышкер өз балаларынан нақты 26 млрд теңге көлеміндегі табысын жасырған. Елорда прокурорларының бастамасымен алимент төлемейтіндермен күрестің жаңа әдісі енгізілді. Бұдан былай өндіріп алу кезінде бұрын жеке сот орындаушыларының назарынан тыс қалған борышкерлердің арнайы техникасы да қамтылатын болады», – делінген хабарламада.  

Жаңа тәсілдің арқасында прокурорлар жалпы құны 2 млрд теңге болатын 126 бірлік құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникасын анықтаған.  Бүгінгі таңда прокуратура 2,5 мың балалардың пайдасына 2 млрд теңгеден астам алимент өндіріп алған.

Жамбыл облысында сот заңды некеде, бірақ бөлек тұратын 9 баланың әкесіне алимент өндіріп берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз