Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшесіне беру мәселесі күн тәртібінде тұр

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Мұхтар Шахановтың көшесін беру мәселесі / фото: ЖИ арқылы жасалды

Алматыда ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың есімін қала көшелерінің біріне беру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Kursiv Media сауалына берген жауабында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы мәлімдеді.

Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Мұхтар Шахановтың есімін көшеге беру мәселесі қазір тиісті комиссияның қарауында.

«Мұхтар Шахановтың есімін көшеге беру мәселесі қазіргі уақытта әлі өндірісте екенін, күн тәртібінде тұрғанын хабарлаймыз», – делінген басқарма жауабында.

Яғни, әзірге ақынның есімі нақты қай көшеге берілетіні және тиісті шешімнің қашан қабылданатыны туралы ақпарат жоқ. Басқарма жауабынан мәселенің түпкілікті шешілмегені, алайда қарау процесі жалғасып жатқаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Мұхтар Шахановтың есімін беру туралы петиция жарияланған еді. Алайда қолданыстағы заң бойынша аса көрнекті тұлғалардың есімін нысандарға қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беруге болады. Дегенмен мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғаларға қатысты ерекше жағдай қарастырылған. Мұндай шешім Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.

Мұхтар Шаханов  2026 жылдың 19 сәуір күні дүниеден өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз