Министрлік: Азаматтардың басым бөлігі ағзасын донорлыққа беруден бас тартады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Жапониядағы ЭКСПО көрмесі
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиепров

Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісетіндер әлі де аз. Бірақ ақырындап көбейіп келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Kursiv.Media редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады.

Ресми ақпарға сүйенсек, 2026 жылы 184 191 адам қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беру-бермеу туралы өз шешімін eGov арқылы ресми түрде тіркеген. Яғни мемлекетте осы адамдардың таңдауы туралы ақпарат бар.

Бірақ 184 мың адамның ішінде тек 17 мыңы ғана ағзасын донорлыққа беруге келіскен, ал 167 мың адам бас тартқан. Осылайша донор болуға келіспегендер келіскендерге қарағанда 9,8 есе көп болып отыр.

Қазақстанда донор болуға келісетіндер әлі де аз

2025 және 2026 жылдардағы көрсеткіш

2025 жыл
132 835
өз таңдауын тіркеген
2026 жыл
184 191
+38,7% немесе +51 356 адам
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 184 191 қазақстандық eGov арқылы қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беру немесе бермеу туралы өз таңдауын білдірген.
Донор болуға келіскендер
17 158
+67,7%
Донор болудан бас тартқандар
167 033
+36,2%
Донор болуға келісім бергендер
2025 жыл 10 234
→
2026 жыл 17 158
+6 924 адам +67,7%
Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Былтырғы жағдай бұдан өзгешелеу еді. Донор болуға қатысты өз шешімін білдірген азаматтар әлдеқайда аз болған. 2025 жылдың желтоқсанындағы есеп бойынша, 132 835 адам өз шешімін ресми түрде тіркеп, бір жылда олардың саны 51 356 адамға немесе 38,7%-ға өскен.

Бірақ олардың ішінде 10 мыңы ғана (10 234 – ресми есеп) донор болуға келісім берген. Ал қайтыс болғаннан кейін донор болудан бас тартқандар саны 122 601 болған. Яғни былтыр да донор болудан бас тартқандар үлесі көп болды.

Екі жылдың көрсеткішін салыстырсақ, елімізде донорлыққа қатысты нақты бір шешім шығарып, өз еркін ресми түрде тіркегендер саны артып келеді. Бірақ олардың басым бөлігі донор болудан бас тартқан. Тек 8-9%-ы ғана қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлыққа беруге келіскен.

Министр де донор болуға дайын

Биыл денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзасын донорлық беруге келіскенін айтқан.

Денсаулық сақтау министрі болғаным үшін емес, әрқайсымыздың бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдау қажеттілігіне тап болуымыз мүмкін болғандықтан қабылдадым», – деп жазды ол.

Министр осы әрекетімен азаматтарға донор болуға үлгі көрсетуге тырысты. Оған себеп те жоқ емес. Елде 4 867 адам донор кезегінде тұр.

Сондай-ақ оқыңыз