Қазақстанда ет қымбаттай ма – министрлік болжамы

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Shutterstock

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова ет бағасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Вице-министр ет бағасының күрт өсуіне негіз жоқ деп отыр.

«Республика бойынша сиыр етінің бір келісі орта есеппен 3,8 мың теңгені құрайды. Астанада баға 3,8 мыңнан 4 мың теңгеге дейін және одан жоғары. «Шапағатта» ет 3,9 мың теңге, «Артемде» 4,4 мың теңге тұрады. Қазір біз бағаның күрт өсуіне ешқандай негіз көріп отырған жоқпыз», – деді Хатепова.

Оның айтуынша, ішкі нарық отандық өндіріс есебінен толық қамтамасыз етілген.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз 434 мың тонна сиыр етін өндірдік. Биыл да өндіріс көлемінің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан ет бағасының күрт өсуіне ешқандай негіз жоқ», – деп атап өтті вице-министр.

2026 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандаған. Ет өнімдерінің ішінде сүйекті сиыр етінің орташа бағасы килограмына 3 819 теңге, тауық етінің бағасы 1 747 теңге болды.

Сондай-ақ оқыңыз