Қазақстанда сегіз айда жол апатынан 1 230 адам қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 21,4 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға жуық аз.

Energyprom мәліметінше, қаза тапқандар саны 15%-ға қысқарған, деп жазады Kursiv.Media. Өткен жылы 1 446 адам көз жұмса, биыл бұл көрсеткіш 1 230 адам. Жол апатынан жарақат алғандар саны да 6%-ға азайған.

Жол-көлік оқиғаларының азайғаны елдің 20 өңірінің 17-сінде байқалған. Ең айтарлықтай төмендеу:

  • Ұлытау облысында – 41,1%-ға;
  • Абай облысында – 33,3%-ға;
  • Маңғыстау облысында – 20,1%-ға тіркелген.

Қаза тапқандар саны 16 өңірде азайған. Көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында – 37,8%, Алматы облысында – 31,1% және Атырау облысында – 27,1% болған.

2025 жылы Қазақстанда жол-көлік апаттарынан болатын өлім көрсеткіші әр 100 мың адамға шаққанда 11,4 адамды құраған. Бұл 2020 жылды есептемегенде, соңғы он жылдағы ең төмен көрсеткіш.

Сонымен қатар жол апатынан қаза болғандардың 45%-ы республикалық маңызы бар жолдарға тиесілі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қарағанды – Алматы трассасы қайта жаңғыртылғаннан кейін ондағы жол апатынан болатын өлім саны 47%-ға азайған.

Тағы да оқыңыз: Ақтөбе облысында екі Camry соқтығысып, алты адам қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыз