Маңғыстауда жүздеген қой қырылып қалды
Жарияланды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында 126 қой қырылып қалды. Мал 10 жергілікті шаруашылыққа тиесілі болған, деп хабарлайды Kursiv Media 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Қойшының айтуынша, қойдың барлығы бір жерден су ішкен. Осыдан кейін мал жаппай қырыла бастаған.
Оқиға орнына ветеринарлар мен аудандық аумақтық инспекция мамандары барған. Олар қораларды залалсыздандырып, қырылған малдың өлекселерін арнайы белгіленген жерге жойды.
Мамандар нақты себепті анықтау үшін су мен малдан сынама алған. Қазір зертханалық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі шамамен 10 күнде белгілі болады. Қорытынды шыққаннан кейін қойлардың неден қырылғаны белгілі болады.
Оқи отырыңыз: БҚО-да белгісіз індеттен мал жаппай қырылды: министрлік тексеріс жүргізіп жатыр