Қазақстанда алтын бағасы күрт төмендеп, 13 айдағы ең төменгі деңгейге түсті

Қазақстанда 1 грамм алтынның ресми бағасы 58 863,89 теңгеге дейін төмендеді. Бұл – 2025 жылғы 29 тамыздан бергі ең төменгі көрсеткіш деп хабарлайды Kursiv Media .
Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, 29 қыркүйекте 1 грамм алтын 58 863,89 теңге болды. Бір күн бұрын оның құны 60 957,71 теңге болған. Осылайша бір күнде алтын 2 093,82 теңгеге немесе 3,4%-ға арзандады.
Алтын бағасы 13 ай бұрынғы деңгейге түсті
Қазақстан Ұлттық банкінің дерегі бойынша 1 грамм алтынның теңгедегі ресми бағасы
Қазіргі баға 2025 жылғы 29 тамыздағы деңгейге барынша жақындады. Ол кезде 1 грамм алтын 58 746,74 теңге тұрған. Қазіргі көрсеткіш одан небәрі 117 теңгеге немесе 0,2%-ға жоғары.
Ал осы аралықтағы ең жоғары баға 2026 жылғы 30 қаңтарда тіркелді. Сол күні алтынның 1 грамы 89 002,60 теңгеге жеткен. Содан бері оның теңгедегі құны шамамен 33,9%-ға төмендеді.
Тек 2026 жылғы тамыздың соңымен салыстырғанда да айырмашылық айтарлықтай. 31 тамызда алтынның грамы 68 766,32 теңге тұрса, 29 қыркүйекте баға 58 863,89 теңгеге дейін түсті. Бұл шамамен 14,4% төмен.