Қызылордада мал шаруашылығына бөлінген 60 млн теңгені жымқырған басшы ұсталды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қызылордада мал шаруашылығына бөлінген 60 млн теңге жымқырылған күдікті ұсталды
Қызылордада мал шаруашылығына бөлінген 60 млн теңге жымқырылды / фото: АШМ

Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаның қаражаты жымқырылды. «Сыздық Ата» ЖШС басшысы мемлекеттік қолдау ретінде бөлінген 151,5 млн теңгенің 60 млн теңгесін жымқырған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, мүлкіне тыйым салынды, деп жазады kursiv.media.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2021 жылы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қатысуымен «Сыздық Ата» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған.

Жобаның жалпы құны 311 млн теңгені құраған. Жоба ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға және Жаңақорған ауданы тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоба аясында корпорация серіктестіктің жарғылық капиталына 151,5 млн теңге салған. Бұл қаражат 1 600 бас қой, 130 бас ірі қара мал және етті қаптауға арналған жабдық сатып алуға бөлінген.

«Тергеу деректеріне сәйкес, мал сатып алынғаннан кейін ЖШС басшысы қаражаттың бір бөлігін шығару схемасын ұйымдастырған. Нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн теңге күдіктінің бақылауындағы «Нұрай» және «Абылайхан» ЖК шоттарына заңсыз аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған», – делінген агеттік хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тиесілі екі автокөлікке тыйым салынды.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында Ақмола облысында 50 млн теңгеден астам субсидия жымқырған басшылар ұсталғанын жазған едік. Олар ақпараттық жүйеге ірі қара мал саны туралы жалған мәлімет инвестиция алған.

Сондай-ақ оқыңыз