Қылмыстық іс қозғалды: Әділов Азат Перуашевқа жасалған кибершабуыл жайлы айтты

Жарияланды
Фото: kursiv.media архиві

Азат Перуашевтің WhatsApp қосымшасына белгісіз нөмірлерден бот-шабуыл жасалған. Бұл туралы ол Telegram арнасында жазып, құқық қорғау органдарына жүгінетінін айтқан, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, аталған факті бойынша 28 қыркүйекте соталды тергеу тіркелген.

«Бұл факт бойынша көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша тергеу басталды. Қазір киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр», – деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, тергеу барысында шабуылдардың артында тұрған тұлғалар мен тиісті сайттардың иелерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бірнеше сот сараптамасы тағайындалған.

«Тергеу тобы сайттардың иелерін және оған қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Қазір тиісті сараптамалардың нәтижесін күтіп отырмыз», – деді ІІМ орынбасары.

«Шабуылдар қайдан жасалғаны және кім ұйымдастырғаны анықталды ма?» деген сұраққа Санжар Әділов тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Тағы да оқыңыз: NEGE редакциясы Азат Перуашев туралы материалдарға қатысты мәлімдеме жасады

Сондай-ақ оқыңыз