Украинада қазақстандықтарға қарсы жұмыс істеген 18 адам қамауда отыр- ІІМ

Жарияланды
Полиция Астаны показала видео задержания пьяного Елеусинова после ДТП
Украинада 18 адам қамауда отыр / Фото: pexels

Қазақстан мен Украина қазақстандықтарға қарсы жұмыс атқарған 20-дан астам Call-орталықты тауып, оларды жабуға күш салған. Атап айтқанда, қазір Украинада 18 адам қамауда отыр. Бұл жайлы Құрылтайда өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оның айтуынша, осы кезеңде жәбірленушілерге келтірілген 6 млрд теңгеден астам залал өтелген. Сонымен қатар 170 млн-нан астам жалған қоңырау бұғатталып, 5,5 млрд теңгеден астам қаражаттың шетелге шығарылуына тосқауыл қойылған.

«8 айда интернет алаяқтық 13%-ға төмендеді. Мысалы, 2025 жылы 16 564 қылмыс тіркелсе, биыл 14 417 факті тіркелді. Қылмыстарды ашу көрсеткіші 7%-ға жақсарды», – деді Санжар Әділов.

ІІМ орынбасарының айтуынша, банк реквизиттерін сыйақы үшін үшінші тұлғаларға беруге байланысты қылмыстық жауапкершілік енгізілген.

Сонымен қатар интернет алаяқтықтың алдын алу үшін антифрод жүйесі жұмыс істеп жатыр.

Оның айтуынша, бізге көп елден әртүрлі шабуыл жасалады.

«Оның электронды да, цифрлық та түрлері бар. Бүған дейін біз украиндық әріптестермен біздің азаматтарымызға қарсы жұмыс атқарған 20-дан астам Call-орталықты тауып, оларды жабуға күш салдық. Атап айтқанда, қазір Украинада 18 адам қамалды», – деді Әділов.

Оның сөзінше, киберқылмыстың ешқандай шекарасы жоқ. Сондықтан киберқылмыс әртүрлі елден жасалады.

Құрылтай бүгін Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялады. 

Сондай-ақ оқыңыз