Шахтинскте автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
В Алматы задержали троих участников драки в автобусе
Шахтинскте автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті / Фото: Алматы әкімдігі

Шахтинскте жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті. 19 жастағы қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қарағанды облысының полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 қыркүйекте Абай даңғылында болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы маршруттық автобустың 52 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен», – делінген полиция хабарламасында.

Жол апаты бойынша полицияға тіркеліп, тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 19 жастағы қыздың жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртеніп кеткені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз