Петропавлда такси жүргізушісі Қазақстаннан депортацияланды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Петропавлдағы такси жүргізушісі Қазақстаннан депортацияланды / Фото: Instagram

Петропавлда жолаушының такси жүргізушісінің дөрекілігіне қатысты шағымы оның көші-қон заңнамасын қайта бұзғанын анықтауға себеп болды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Солтүстік Қазақстан облысы полициясының хабарлауынша, сот 42 жастағы Тәжікстан азаматын бір тәулікке әкімшілік қамауға алып, кейін Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарды.

Тексеру барысында ер адам Қазақстанға кірген кезде жұмысқа орналасуды немесе кәсіпкерлікпен айналысуды елге келу мақсаты ретінде көрсетпегені анықталған. Соған қарамастан ол жолаушы тасымалымен айналысқан.

Полиция мәліметінше, жүргізуші бұған дейін де осындай заң бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қайта құқық бұзғаны үшін ол Қазақстаннан шығарылып, елге бес жыл бойы кіре алмайды.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 679 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 633-і көші-қон заңнамасын бұзған. 45 шетелдік елден шығарылса, тағы 152 адамның Қазақстанда болу мерзімі қысқартылған.

Айта кетейік, Маңғыстаудағы әскерилердің қайтыс болуына байланысты Аза тұту күнінде видеосы таратқан 42 жастағы Петропавл тұрғыны Ирина Антоненко 10 күнге қамауға алынған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз