Dodo Pizza кибершабуылдан кейін IT-жүйелерін бақылауға алғанын мәлімдеді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Казахстанцы не жаловались на сливы личных данных после взлома Додо Пиццы
Dodo Pizza кибершабуылдан кейін IT-жүйелерін бақылауға алғанын мәлімдеді / Фото: kursiv.media коллажы

Dodo Pizza компаниясының IT-инфрақұрылымының бір бөлігіне кибершабуыл жасалған, деп хабарлайды Kursiv.Media компанияның ресми жауабына сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, күмәнді белсенділік дер кезінде анықталып, рұқсатсыз кіру бұғатталған. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылда компания серіктестерінің бірінің бұзылған аккаунты пайдаланылған. Соның салдарынан кейбір клиенттердің аты-жөні, телефон нөмірі, жеткізу мекенжайы, туған күні және тапсырыс тарихы сияқты деректер алынуы мүмкін.

«Банк карталарының деректері қаскөйлер қолына түскен жоқ: компания оларды сақтамайды, барлық төлем серіктес банктер арқылы жасалады», – делінген компания хабарламасында.

Оқиға туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне хабарланған. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде мобильді қосымшадағы барлық белсенді сессия тоқтатылған. Пайдаланушыларға телефон нөмірі арқылы қайта кіру қажет болуы мүмкін, алайда тапсырыстар, бонустар мен додокоиндер сақталған.

Компания сайт, мобильді қосымша, пиццериялар мен жеткізу қызметі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді. Клиенттерге күдікті қоңыраулар мен хабарламаларға сақ болу ескертілді.

«Додо Пицца» пиццерия және «Дринкит» кофеханалар желісіне ресейлік Dodo Brands компаниясы иелік етеді. Былтыр ресми түрде Қазақстанға көшіп, Астана қаржы орталығына тіркелді. 

Dodo Brands – әлемнің 26 елінде 1300-ден астам пиццерия мен кофехананы басқаратын халықаралық компания. Тек Қазақстанда 100-ден астам «Додо Пицца» мен 14 «Дринкит» жұмыс істейді.

Айта кетейік, осыған дейін мейрамханалар желісіне кибершабуыл жасалғаны туралы жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз