1,6 трлн теңге таза пайда: тамызда қай банктердің табысы артты

2026 жылдың 8 айында қазақстандағы екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) 1,6 трлн теңге таза пайда тапты. Өткен жылмен салыстырғанда банктердің таза пайдасы бірден 13,6 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Ұлттық банк дерегі бойынша, елдегі қаржы институттарының тамыз айындағы таза пайдасы 213,4 млрд теңгені құрады. Бұл шілдедегі көрсеткіштен 6 пайызға артық. Таза пайда бойынша Halyk Bank бен Kaspi Bank көш бастап тұр.
Тамыз айында бірқатар банк қаржы көрсеткішін айтарлықтай жақсартып, айлық табысын арттырды.
Ірі банктер арасында бір айлық өсім бойынша ForteBank пайдасын бірден 183 пайызға өсіріп, 13,6 млрд теңгеге жеткізді. Ал оның жыл басынан бергі жалпы пайдасы 87,4 млрд теңгені құрады.
Маусымдағы ірі шығыннан кейін қалпына келген Alatau City Bank тамызда 6,1 млрд теңге тапты, ал жыл басынан бері бұл көрсеткіш 10,9 млрд теңгеге жетті.
Сонымен бірге Банк ЦентрКредит айлық пайдасын 19 пайызға өсіріп, 19,5 млрд теңгеге (жыл басынан бері 142,5 млрд теңге), «Ситибанк Қазақстан» 9,5 млрд теңгеге (жыл басынан бері 68,9 млрд теңге) жеткізді.
Отбасы банк таза пайдасын 10 пайызға көбейтіп, 15,0 млрд теңгеге (жыл басынан бері 115,0 млрд теңге), ал Bank RBK 34 пайызға өсіріп, 4,0 млрд теңге (жыл басынан бері 34,8 млрд теңге) таза пайда алған.
Нарық көшбасшылары да табысты арттыруды жалғастырды: Halyk Bank тамызда 76,2 миллиард теңге тауып, жыл басынан бергі жалпы пайдасын 615,3 млрд теңгеге жеткізсе, Kaspi Bank айлық пайдасын 41,8 млрд теңгеге арттырып, жыл басындағы көрсеткіші 309,8 млрд теңгені болды.
Тұрақты өсім көрсеткен ВТБ Банк (Қазақстан) айлық пайдасын 4 пайызға өсіріп, 3,5 миллиард теңге тапты, ал жыл басынан бергі табысы 24,8 млрд теңгені құрады.
| Банк атауы | Тамыздағы таза пайдасы | Жыл басынан бергі жалпы пайдасы |
| Halyk Bank | 76,2 млрд ₸ | 615,3 млрд ₸ |
| Kaspi Bank | 41,8 млрд ₸ | 309,8 млрд ₸ |
| Банк ЦентрКредит | 19,5 млрд ₸ | 142,5 млрд ₸ |
| Отбасы банк | 15,0 млрд ₸ | 115,0 млрд ₸ |
| ForteBank | 13,6 млрд ₸ | 87,4 млрд ₸ |
| Ситибанк Қазақстан | 9,5 млрд ₸ | 68,9 млрд ₸ |
| Alatau City Bank | 6,1 млрд ₸ | 10,9 млрд ₸ |
| Bank RBK | 4,0 млрд ₸ | 34,8 млрд ₸ |
| ВТБ Банк (Қазақстан) | 3,5 млрд ₸ | 24,8 млрд ₸ |
Кейбір банктер үшін тамыз айы керісінше бәсеңдеу кезеңі болды. Әсіресе шілдеде күрт өсім көрсеткен Freedom Bank пен Bereke Bank-тің табыс табу қарқыны бәсеңдеді.
Bereke Bank-тің де айлық таза пайдасы бәсеңдеп, 4,8 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері 21,1 млрд теңге). Осы қатарда Home Credit Bank тамызда 4,1 миллиард теңге тауып, көрсеткіші 3 пайызға төмендеді, алайда жыл басынан бергі жалпы табысын 30,7 млрд теңгеге жеткізді.
Жыл басынан бері табысы азайған банктер жаз айларында пайдасына арттыра бастады.