«Мемлекетке 124,8 млн теңге өндірілді»: Астанада заңсыз ойын бизнесі жойылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Астанада заңсыз ойын бизнесінен түскен қаржы мемлекетке қайты
Астанада заңсыз ойын бизнесінен түскен қаржы мемлекетке қайтты / Фото: Shutterstock

Астана қаласының прокуратурасы Instagram және TikTok әлеуметтік желісінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдіктіні ұстады. Заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам ақша мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сот шешімімен екі қылмыстық іс бойынша прокурордың талап қою талаптары толық қанағаттандырылды.

Соның нәтижесі бойынша Instagram және TikTok әлеуметтік желісіндегі екі құмар ойынды ұйымдастырушыдан заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам ақша өндірілді.

Астана прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын еске салды.

«Заңсыз ойын бизнесінен ақша табу әрекеттері (соның ішінде Instagram және TikTok) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады», – деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырып 95 млн теңге тапқан төрт адам 4 жылға сотталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз