Дзюдошылар Әділет Алмат пен Ажар Асхат Азия ойындарының финалына шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошылар Әділет Алмат пен Ажар Асхат Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Әділет Алмат жартылай финалдағы қарсыласын жеңіп, алтын медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды. Осылайша қазақстандық дзюдошы кемінде күміс жүлдеге кепілдік берді.

Қазақстан әйелдер құрамасынан 70 келіде Ажар Асхат та финалға шықты. Ол жартылай финалдағы белдесуінде жеңіске жетіп, Азия ойындарының чемпионы атағы үшін күресетін болды.

Ал 63 келіде сынға түсіп жатқан Есмигүл Куюлова жартылай финалда Жапония өкіліне есе жіберді. Енді қазақстандық дзюдошы қола медаль үшін белдеседі.

Осылайша бүгін Қазақстан құрамасының дзюдодан бірден төрт жүлде алу мүмкіндігі бар. Әділет Алмат пен Ажар Асхат алтын медаль үшін, Есмигүл Куюлова мен Дана Әбдірова қола жүлде үшін татамиге шығады.

Финалдық белдесулер сағат 13:00-де басталады. Тікелей эфир Qazaqstan ұлттық арнасынан көрсетіледі.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан дзюдошылары екі медаль жеңіп алды. Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова күміс жүлдегер атанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз