АҚШ Иранды теңіз арқылы қоршауға алу үшін 125 кемені бұрған

30 қыркүйекке дейін АҚШ әскери күштері Таяу Шығыстағы 125 коммерциялық кемені бағытынан бұрған, деп хабарлайды Kursiv.media.
АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, ондағы мақсат – Иранға қарсы теңіз блокадасын қамтамасыз ету.
Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің күшеюінен кейін Ормұз бұғазы іс жүзінде жабылған.
Иран бұғазды АҚШ-тың қоқан-лоқысы тоқтағанға дейін ашпайтынын мәлімдеген.
Иран АҚШ-қа порттарды бұғаттауды тоқтату орнына 7 күндік су дәлізін ашу жоспарын ұсынған. Бірақ Дональд Трамп бұл ұсынысты қабыл алмады.
Ормқз бұғазы әлемдік энергетика үшін маңызды бағыт саналады. Қақтығысқа дейін ол арқылы әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ тасымалының шамамен бестен бірі өткен.
Қазір қауіпсіздік жағдайына байланысты бұғаз арқылы өтетін танкерлер мен газ тасымалдаушы кемелер саны күрт азайған.
Айта кететін жайт, Иран Ормұз бұғазында танкерге шабуыл жасаған еді.