Астанада той кортежіне қатысқан үш жолаушы 10 тәулікке қамалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астанада той кортежіне қатысқан үш жолаушы 10 тәулікке қамалды / Фото: Shutterstock

Астанада үйлену тойының кортежінде жол қозғалысы ережесін бұзған үш жолаушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық полиция мәліметінше, жастар көлік терезесінен шығып, шулап, жол қозғалысының қауіпсіздігіне кедергі келтірген.

Тексеру барысында жол ережесін бұзған бес көлік анықталды. Олардың жүргізушілеріне апатты жағдай туғызу және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көліктер арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.

Сонымен қатар, 21 жастағы үш жолаушы анықталып, оларға жол қозғалысы ережелерін бұзу және ұсақ бұзақылық бойынша хаттама толтырылды. Кейін сот әрқайсысына 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Айта кетейік, Астанада бір жылда жол қозғалысы ережесін 306 рет бұзған жүргізуші қамауға алынған. Ол жыл басынан бері белгіленген жылдамдықты 169 рет асырған, тағы 134 рет автобус жолағымен жүрген.

Сондай-ақ оқыңыз