Газ тұтыну артып келеді: халықтың сұранысы қалай өтеледі

Жарияланды 2 Қазан 2026 09:54

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Халықтың газға сұранысы қалай өтелмек / Фото: Depositphotos.сom

Қазақстанда халықты газбен қамту деңгейін 80%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл үшін Ерлан Ақкенженов басқарған энергетика министрлігі магистральдық газ құбырларын, өңірлік желілерді және  ресурстық базаны дамыту бойынша жобаларды іске асырмақ, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Газбен қамтуды кеңейтуге арналған негізгі жобалардың қатарында «Есіл – Астана», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі және КС-14 – Қостанай магистральдық газ құбыры бар.

«Есіл– Астана» жобасы Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі оңтүстік және орталық өңірлердегі газға өсіп отырған сұранысты өтеуге бағытталған.

Сонымен қатар Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды және басқа облыстарда газ тарату желілерін салу жалғасады.

Министрліктің мәліметінше, аталған жобаларды кешенді іске асыру газ тасымалдау жүйесінің өткізу қабілетін арттырып, өңірлерді газбен қамтамасыз ету тұрақтылығын күшейтеді.

Бұл Қазақстандағы газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізудің негізгі шарттарының бірі болмақ. Бұл тапсырманы министрлікке мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз