Шымкентте 47-өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: ҚР Ұлттық Ұланы

Шымкентте бойы екі метрге жуық сарбаз патруль қызметін атқарып жүр. Оның аяқ киім өлшемі – 47. Қаруластары оны әзілдеп «Гулливер» деп атап кеткен, деп жазады Kursiv.Media .

Ол – 19 жастағы қатардағы Денис Мухин. Ол Алматы облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылып, қазір ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүр.

Әскерге келгенде өзіне аяқ киім табу оңай болмаған

Фото: ҚР Ұлттық Ұланы

Денистің бой ерекшелігі әскери қызметінің алғашқы күндерінен-ақ байқалған. Оқу пунктінде оған шақ аяқ киім іздестіріліп жатқанда, бірнеше күн бойы әскери бөлім берген кроссовкамен жүруге тура келген. Көп ұзамай тыл қызметі сарбазға 47 өлшемді аяқ киім тауып берген.

Ұзын бойы әкесінен дарыған

Денис әскерге дейін Талғар политехникалық колледжін автоэлектрик мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол бала кезінен волейболмен айналысқан. Тоғызыншы сыныпта-ақ 45-өлшемді аяқ киім киген.

Фото: ҚР Ұлттық Ұланы

Сарбаздың айтуынша, бойы мен аяқ киімінің үлкен болуы әкесінен дарыған.

«Бойым мен аяқ киім өлшемім үлкен болуы әкеме тартқан», – дейді Денис.

Енді Шымкент көшелерін күзетіп жүр

Қазір Денис әскери бөлімнің патрульдік қызметіне тартылып, Шымкент көшелерінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Фото: ҚР Ұлттық Ұланы

Ол тек бойымен емес, тіл білуімен де қаруластарынан ерекшеленеді. Денис қазақ тілін жақсы меңгерген және күнделікті қызмет барысында қазақша еркін сөйлеседі.

Ұзын бойлы сарбазды көшеде көрген тұрғындардың назары оған жиі ауады.

Тағы да оқыңыз: Сарбаздар әскери бөлімге пицца мен бургерге тапсырыс бере алады.

Сондай-ақ оқыңыз