Алматыдағы президент саябағы қашан ашылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Парк Певрого президента
фото: shutterstock

Алматыдағы президент саябағындағы жөндеу жұмыстары 2027 жылы аяқталады. Бұл туралы Бостандық ауданы әкімі Азамат Қалдыбеков айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Әкімнің сөзінше, саябақтағы жөндеу жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Жаңартылған саябақ 2027 жылы наурыз не сәуірде толық ашылады.

Сондай-ақ ауданда Әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысында Flow Park құрылысы жүріп жатыр. Аумағы 6,6 гектар саябақ демеушілер қаражатына салынған. Оған шамамен 3 млрд теңге бағытталған. Ол маңға 700 түптен астам ағаш егілген.

Одан бөлек Есентай өзені жағалауын 11 млрд теңгеге қайта жаңғыртқалы жатыр. Жобаға демеушілер қаражат бөлген.

«Қазақфильм» шағын ауданында елдегі алғашқы кинематографиялық саябақ құрудың бірінші кезеңі басталды. «Қазақфильм» киностудиясының аумағында дайындық пен демонтаж жұмысы жүріп жатыр”, – дейді әкім.

Айта кетейік, Сәтбаев пен Шағабутдинов көшесінің арасындағы аумақта Жапон бағы салынады. Аумағы 2,5 гектар жерде дайындық пен демонтаж жұмысы басталған. Жапон бағы аумағында сакура, сәндік алма ағаштары, магнолия, үйеңкі, арша, гинкго және жапонның дәстүрлі әдісімен өсетін ниваки ағаштары отырғызылады.

Сондай-ақ оқыңыз