Қазақстандық компаниялар биыл акционерлеріне қанша дивиденд төледі (инфографика)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
дивидендт төлемдері / фото: Kursiv Media

2026 жылы Қазақстан қор биржасындағы бірқатар ірі компания акционерлеріне дивиденд төледі. Ең көп қаражатты ҚазМұнайГаз бен Қазатомөнеркәсіп бөлді. Ал бір акцияға шаққандағы төлем көлемі жағынан Қазақстан қор биржасының өзі алдыңғы қатарда болды деп хабарлайды Kursiv Media.

ҚазМұнайГаз – 350 млрд теңге

ҚазМұнайГаз (KMGZ) 2025 жылдың қорытындысы бойынша акционерлеріне 350 млрд теңге дивиденд төледі. Бір жай акцияға 573,66 теңгеден келді. Компания төлемді 18 маусымда аяқтады.

Бұл биыл қазақстандық компаниялар жариялаған ең ірі дивидендтік төлемдердің бірі болды.

Қазатомөнеркәсіп – 335,2 млрд теңге

Қазатомөнеркәсіп (KZAP) акционерлері 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендке шамамен 335,2 млрд теңге бөлуді мақұлдады. Бір акцияға төлем 1 292,27 теңгені құрады.

Компания бұл мақсатқа бос ақша ағынының 75%-ын бағыттады. Дивиденд төлеу 28 шілдеде басталды.

Дивиденд • 2026

Қазақстандық компаниялар биыл қанша дивиденд төледі?

Шкала бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін көрсетеді. Kaspi.kz бойынша 2026 жылы бекітілген үш төлемнің жиынтығы берілген.

Ең ірі жалпы төлем
350 млрд ₸
ҚазМұнайГаз
Бір акцияға ең көп
4 268 ₸
Қазақстан қор биржасы
Kaspi.kz • үш төлем
2 700 ₸
850 + 850 + 1 000 ₸
Компания
Шкала
1 акцияға
Қазақстан қор биржасы
KASE 4,59 млрд ₸
4 268,37 ₸
Транстелеком
TCOM 2024 + 2025 жыл
3 207,98 ₸
Kaspi.kz
KSPI
3 төлем
850 ₸ + 850 ₸ + 1 000 ₸
2 700 ₸
жиынтық
Қазатомөнеркәсіп
KZAP ≈335,2 млрд ₸
1 292,27 ₸
Маңғыстаумұнайгаз
MMGZ жай және артықшылықты акция
650 ₸
ҚазМұнайГаз
KMGZ 350 млрд ₸
573,66 ₸
Қазақтелеком
KZTK ≈3,43 млрд ₸
321,06 ₸
ҚазТрансОйл
KZTO 45,39 млрд ₸
118 ₸
KEGOC
KEGC 22,3 млрд ₸
81 ₸
Halyk Bank
HSBK
30,10 ₸
Bank RBK
INBN 32,23 млрд ₸
20,07 ₸
Баян Сұлу
BSUL ≈797,9 млн ₸
10 ₸
Air Astana
AIRA ≈3,51 млрд ₸
9,92 ₸
Маңызды: шкала дивидендтік кірістілікті емес, тек бір акцияға төленген номиналды соманы салыстырады. Акция бағасы әр компанияда әртүрлі болғандықтан, жоғары дивиденд сомасы автоматты түрде жоғары кірістілік деген сөз емес.
Дереккөз: KASE және компаниялардың ресми хабарламалары. Мәлімет 2026 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша.

Kaspi.kz бір акцияға 2 700 теңге бекітті

Kaspi.kz (KSPI) биыл дивидендті бірнеше кезеңмен төледі. Сәуірде 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға 850 теңге, маусымда 2026 жылдың бірінші тоқсаны үшін тағы 850 теңге бекітілді. Қыркүйекте екінші тоқсан үшін төлем көлемі 1 000 теңгеге дейін өсті.

Осы үш шешімді қоса есептегенде, 2026 жылы бекітілген дивиденд мөлшері бір акцияға 2 700 теңгеге жетті.

Маңғыстаумұнайгаз – бір акцияға 650 теңге

Маңғыстаумұнайгаз (MMGZ) тамызда 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төледі. Жай және артықшылықты акциялардың әрқайсысына 650 теңгеден есептелді.

Нақты төленген сома жай акциялар бойынша 59,6 млрд теңгеден, артықшылықты акциялар бойынша 679,6 млн теңгеден асты.

Halyk Bank – 30,10 теңге

Halyk Bank (HSBK) акционерлері 2025 жылғы таза пайданың бір бөлігін дивидендке бағыттады. Бір жай акцияға 30,10 теңге төлеу бекітіліп, төлем 18 мамырда басталды.

ҚазТрансОйл – 45,4 млрд теңге

ҚазТрансОйл (KZTO) бір акцияға 118 теңгеден дивиденд төледі. Акционерлерге бағытталған жалпы сома 45,39 млрд теңгені құрады. Төлем 11 маусымда жүргізілді.

KEGOC – 81 теңге

KEGOC (KEGC) 2025 жылдың екінші жартысының қорытындысы бойынша бір акцияға 81 теңгеден дивиденд бөлді. Жалпы төлем көлемі 22,3 млрд теңгеге жуықтады.

Қазақтелеком, Air Astana және басқа компаниялар

Қазақтелеком (KZTK) жай акцияға 321,06 теңгеден дивиденд төледі. Жай акциялар иелеріне төленген сома шамамен 3,43 млрд теңге болды.

Air Astana (AIRA) бір жай акцияға 9,92 теңгеден, ал төрт акцияға тең бір жаһандық депозитарлық қолхатқа 39,68 теңгеден төледі. Нақты төлем көлемі шамамен 3,51 млрд теңгені құрады.

Bank RBK (INBN) бір акцияға 20,07 теңгеден, жалпы 32,23 млрд теңге дивиденд төледі.

«Баян Сұлу» (BSUL) акционерлері бір акцияға 10 теңгеден алды. Компанияның нақты төлеген сомасы шамамен 797,9 млн теңге болды.

Қазақстан қор биржасының (KASE) өзі де акционерлеріне дивиденд төледі. Бір акцияға 4 268,37 теңге, ал жалпы төлемге 4,59 млрд теңге бағытталды.

Осылайша, 2026 жылы дивиденд көлемі бойынша ҚазМұнайГаз бен Қазатомөнеркәсіп ерекшеленсе, бір акцияға шаққандағы төлем мөлшері компанияның акция саны мен бағасына қарай айтарлықтай өзгереді. Сондықтан бір акцияға төленетін дивидендтің жоғары болуы компанияның дивидендтік кірістілігі де автоматты түрде жоғары дегенді білдірмейді.

Сондай-ақ оқыңыз