ЖИ дәуіріндегі басты актив – адам мен идея: Турлов Digital Bridge форумында не айтты

Жасанды интеллект дамыған дәуірде де негізгі актив – таланттар болып қала береді. Ал адамның құндылығы күнделікті атқаратын жұмыстан бірегей идеялар жасауға қарай ығысады. Бұл туралы Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов 2 қазанда Астанада өткен Digital Bridge форумында айтты.
Тимур Турлов ЖИ-фильмдер фестивалін өткізуді жаңа индустрияның қалыптасу кезеңінде оның стандарттарын белгілеуге көмектесетін батыл шешім деп атады.
«Астанада ондаған технологиялық шаралар өтті, бірақ бүгінгі оқиға шынымен де бірегей, өйткені ол технология мен мәдениетті біріктіреді. Бұл – әлі сирек кездесетін қызықты үйлесім», — деді Тимур Турлов.
Бизнесмен креативті экономиканың экономикалық өсімнің маңызды драйверіне айналғанын атап өтті. Бұған мысал ретінде ол бір жыл ішінде отандық өнімге деген жоғары сұранысты көрсеткен Freedom Media платформасын келтірді.
«Бар-жоғы бір жыл ішінде ондаған бірегей жобаны іске қостық, және бүгінде платформадағы қаралымның астам 80 пайызы қазақстандық контентке, соның ішінде қазақ тіліндегі контентке тиесілі», — деді Freedom Holding Corp. CEO-сы.
Оның айтуынша, Freedom Media-ның мақсаты – қазақстандық авторлармен бірге бірегей контент жасау. Сәтті кейс ретінде Тимур Турлов қазақ мифологиясы мен жеті ұлттық музыкалық аспаптан шабыт алған Qara Dombyra анимациялық жобасын мысалға келтірді.
Бұл ретте Тимур Турлов ЖИ шығармашылық мамандарды толықтай алмастыра алмайтынына сенім білдірді.
«Технологиялар күнделікті тапсырмаларды көбірек өз мойнына алады, ал адамның құндылығы жай орындаушы емес, бірегей идея тудыруше ретінде арта бермек. Сондықтан біздің басты активіміз – тума таланттар болып қала береді, ал жас авторларға инвестиция салу мемлекет үшін де, бизнес үшін де басымдыққа айналуы тиіс», — деді Тимур Турлов.
Оның айтуынша, Қазақстанда табысқа жету үшін бар жағдай қалыптасқан. Мемлекет құқықтық және қаржылық база жасайды, ал бизнес ЖИ құралдарын еркін меңгерген жастардың тұтас бір буыны үшін реалды нарықты көріп отыр.
Freedom Holding Corp. — Невада штатында (АҚШ) тіркелген халықаралық қаржы тобы. Холдингтің негізгі нарығы – Қазақстан, бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Холдинг брокерлік, банктік, сақтандыру және төлем бизнесін, сондай-ақ телекоммуникациялық, медиалық және басқа да цифрлық сервистерді дамытады. Freedom Holding Corp. акциялары Nasdaq биржасында FRHC тикерімен, сондай-ақ KASE және AIX биржаларында сатылады.
Сонымен бірге холдинг Қазақстанда телеком, дата-орталық, бұлтты сервис, төлем және lifestyle-жобаларды дамытып жатыр. 2026 жылдың қыркүйегіне қарай Freedom SuperApp аудиториясы 6 миллион пайдаланушыға жетті.
Негізгі бағыттардың бірі – Freedom Telecom. Компания оптикалық-талшықты желілер, базалық станциялар, қоғамдық Wi-Fi және өзінің ДӨО (дата-орталықтар) желісін салып жатыр. 2026 жылдың қыркүйегіне қарай телеком-инфрақұрылымға 300 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды. Турлов уақыт өте келе телеком брокерлік, банктік және сақтандыру бизнесінен кейінгі холдингтің төртінші ірі табыс көзіне айналады деп күтеді.
2025 жылы Freedom Holding, NVIDIA және тиісті министрлік құны 2 миллиард доллар болатын, қуаттылығы 100 МВт жеке ЖИ-орталығын құруға келісті. 2026 жылдың шілдесінде Freedom Holding, Citi және министрлік мемлекет, бизнес пен ғылым үшін GPU-инфрақұрылымы бар ірі ЖИ-кластерін құру бойынша меморандумға қол қойды.
Digital Bridge қарсаңында, 2026 жылдың 26 қыркүйегінде Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды. Сайлау Самарқандта ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтті. Екінші турда Freedom Holding Corp. CEO-сы 196 дауыстың 110-ын алды. Онымен бірге FIDE президентінің орынбасары болып бес дүркін әлем чемпионы Вишванатан Ананд сайланды.