Digital Bridge форумы аясында 60-тан астам жаңа келісім жасалған

Жарияланды 3 Қазан 2026 14:09

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Ел үкіметі Астана өткен форумды қорытындылады / Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі

Астанада өткен AI & Digital Bridge 2026 аясында 60-тан астам жаңа келісімге қол жеткізілген. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Премьер-министр тиімділігі дәлелденген технологияларды одан әрі кеңінен енгізу маңызды екенін баса айтты.

«Қазіргі таңда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» мегажобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Бұл – Орталық Азиядағы энергетикалық әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жететін ең ірі кампус. Деректерді өңдеу орталықтары жасанды интеллектіні, бұлтты сервистерді, ғылыми зерттеулер мен жаңа цифрлық өндірістерді дамытуға негіз болады. Біз басқа да жаһандық технологиялық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға әзірміз», – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектенов AI & Digital Bridge 2026 форумына қатысушылармен бірқатар екіжақты кездесу өткізген.

Атап айтқанда, Higgsfield AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Александр Машрабов, Kraken компаниясының тең бас директоры Дэвид Рипли және DREAM компаниясының тең құрылтайшысы әрі президенті Себастиан Курцпен кездесті.

Осы ретте Kraken компаниясы Қазақстанда цифрлық активтер нарығын дамыту және блокчейн технологияларын қолдану бағытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Бұған дейін қаржыгер Тимур Турлов ЖИ дәуіріндегі басты актив – адам мен оның идеясы екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз