Тоқаев қорғаныс саласының шенділерін қызметінен босатты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің екі орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Президенттің өкімімен Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы лауазымынан босатылса, Алмаз Жұмакеев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кетті.
Сонымен бірге Қанат Ниязбеков Қарулы Күштер Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Қорғаныс министрлігі – ел президентіне тікелей бағынатын үш министрліктің бірі. Оның басшыларын мемлекет басшысы дербес тағайындайды.
24 қыркүйекте Каспийдегі оқу-жаттығу барасында әскери қызметін аяқтауына санаулы күндер ғана қалған 14 сарбаз опат болып, қыршын кетті.
Осы трагедиядан кейін Тоқаев Қорғаныс министрін орнынан босатқан. Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.