Қазақстанға Оман Сұлтаны келеді
Жарияланды

5-6 қазан күндері Қазақстанға Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Kursiv.media.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, қадірменді қонақтв Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртқан.
«Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды деп жоспарланып отыр», – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатыспақ.
Айта кететін жайт, мұның алдында Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Кореяның Ұлттық күнімен құттықтаған еді.