Қазақстан құрамасы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Аичи мен Нагояда (Жапония) өткен 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарыстарын аяқтады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Ұлттық олимпиада комитетінің ақпаратынша, Ұлттық құрама сапынан соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түскен.
4 қазанда биіктігі 1,50 метрге дейінгі кедергілерден өту бағдарламасы бойынша жекелей конкурдың А санатындағы финалдық жарысының екінші кезеңі өтті.
Олег Соколенко Cinderella атты атпен өнер көрсетіп, жарысты 14-орынмен аяқтады.
Ал Quibelle Van D’Abelendreef атты атқа мінген Нұрила Тұрысбекова екінші кезеңде белгіленген бағытты толық жүріп өте алмады.
«Жарыс қорытындысы бойынша Qapella атты атпен өнер көрсеткен Қатар өкілі Фалех Аладжами жеңімпаз атанды. БАӘ шабандозы Абдулла Альмхейри Hudson de Vains атты атпен екінші орын алса, Сауд Арабиясының спортшысы Халед Альмобти Diana du Plevau Z атты атпен үздік үштікті түйіндеді». – делінген ақпаратта.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар.
Айта кететін жайт, Қазақстан балуандары Азия ойындарында төрт медаль жеңіп алды.