Қар, қатты жауын, көктайғақ: 5 қазандағы ауа-райы болжамы

Синоптиктер 5 қазанға арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Қатты жаңбыр және қар күтіледі.
Солтүстікте көктайғақ болуы ықтимал
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай ойнауы мүмкін.
Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ болады деп болжанып отыр. Түнде және таңертең Қазақстанның барлық аумағында тұман күтіледі.
Жоғары өрт қаупі
Атырау облысында, Маңғыстау облысының батысы мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында және Абай облысында жоғары өрт қаупі болжанды.
Төтенше өрт қаупі
Қызылорда облысында, Ұлытау облысының орталығында, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі, батысы, шығысы мен орталығында, Жетісу облысының шығысында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының батысы мен орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Абай облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Синоптиктер 4 қазанда бірқатар өңірде ауа райы күрт суытатынын болжаған еді.