Кім қайда тағайындалды: аптаның басты кадрлық ауыс-түйісі (инфографика)

Өткен аптада орталық мемлекеттік органдарда, өңірлік әкімдіктерде және Қарулы күштерде бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Kursiv.Media 28 қыркүйек-4 қазан аралығындағы негізгі кадрлық ауыс-түйістерді жинады.
Бақыт Нұрмұханов жаңа қызметке тағайындалды
28 қыркүйекте президент жарлығымен Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Аптаның кадрлық ауыс-түйісі
Өткен аптада мемлекеттік органдарда, өңірлік әкімдіктерде және Қарулы күштерде бірқатар кадрлық өзгеріс болды .
Конституциялық сот төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
ТағайындалдыАқтөбе қаласының Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды.
ТағайындалдыМаңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
ТағайындалдыАтом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметінен кетіп, Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры болып тағайындалды.
Жаңа қызметПрезидент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Қызметтен кеттіҚаныш Әбубәкіров — Бас штаб бастығы, Алмаз Жұмакеев — Қорғаныс министрінің орынбасары, Қанат Ниязбеков — Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен кетті.
Қызметтен кеттіАқтөбе облысында аудан әкімдері ауысты
Рүстем Өтешов Ырғыз ауданының әкімі болды. Бұған дейін ол Ақтөбе қаласының Алматы ауданын басқарған.
Нұржан Мақсатов Мәртөк ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарған.
Ал Мұқанбетқали Есенғалиев Ақтөбе қаласының Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды.
Атырауға жаңа әкім келді
30 қыркүйекте Данияр Таханов Атырау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы ауысты
30 қыркүйекте Айбек Қосуақов Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Түпқараған ауданы мен Жаңаөзен қаласын басқарған.
Ғұмар Серғазин жаңа қызметке ауысты
1 қазанда Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Бір күннен кейін ол Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының бас директоры болып тағайындалды.
Айдар Жарылғанов қызметінен кетті
2 қазанда президент өкімімен Айдар Жарылғанов Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Маңғыстауда тағы екі ауданға жаңа әкім келді
3 қазанда Ербол Дербісов Түпқараған ауданының әкімі болып тағайындалды. Сол күні Ерғали Скендиров Маңғыстау ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қорғаныс саласында бір күнде үш шенді қызметінен кетті
3 қазанда Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Алмаз Жұмакеев Қорғаныс министрінің орынбасары, ал Қанат Ниязбеков Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы қызметінен кетті.