154 өтініш, 6 заң: Құрылтай депутаттары бір айда не тындырды
Жарияланды

Жаңадан сайланған Құрылтайдың 145 депутаты бірінші айдың жұмысын қорытындылады, деп жазады Kursiv.Media.
Құрылтай жаңа регламент қабылдап, құрылымын қалыптастырды. Қоғамдық палата жұмысын бастап, азаматтармен кері байланыс орнату тетіктері іске қосылған.
Қазір Құрылтай қарауында 44 заң жобасы бар. Алты заң қабылданып, депутаттар 57 сауал жолдаған. Сонымен қатар Қоғамдық қабылдау бөлімі азаматтардан түскен 154 өтінішті қараған.
Депутаттардың қарауындағы негізгі заң жобалары:
- ЖИ қолдануды және цифрлық активтер айналымын реттеу;
- Көші-қон саясатын жетілдіру;
- Энергия үнемдеу мәселелері бойынша түзетулер;
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау шараларын жетілдіру;
- Онлайн-платформалар мен масс-медианы реттеу;
- Кітапханалар мен кітап шығару саласындағы заңнаманы жаңарту;
- 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасын әзірлеу.
Депутаттар регламентін таныстырған соң бірқатар БАҚ-та олардың тікелей Премьер-министрге сұрақ қоя алмайтыны хабарланды. Алайда депутаттар бұл жаңсақ пікір екенін айтып, Құрылтай депутаттары жұмыс аясында кез келген сұрақты Үкіметпен ашық талқылай алатынын жеткізді.